Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: 30 жылдыққа арналған іс-шаралар талқыланды

Түркістан облыстық мешітінің баспасөз қызметі 22.01.2020 3555 0 пікір
Түркістан: 30 жылдыққа арналған іс-шаралар талқыланды

Түркістан облыстық мешітінде аудан имамдарының қатысуымен ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай арнайы мәжіліс өтті.

Жиында мерей тойға арналған «30 игі шара» жобасын жүзеге асыру жолдары талқыланды. Оның аясында Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы, Тәуелсіздік жылдарындағы ислам тарихын насихаттау, Абайдың 175, Әбу Насыр Әл-Фарабидың 1150 жылдығына арнап ғылыми конференциялар, ұлттық ойындардан түрлі жарыстар, қайырымдылық шаралары, тіпті 30 мың түп көшет отырғызу сияқты шаралар жоспары бекітілді.

Игі істер әр ауданға бөлініп беріледі. 30 жылдыққа арналған Құран жарыстары облыс бойынша өткізіле бастады. Облыс имамы Мұсабек Ақтамберді әріптестерін жобаны жүз пайыз орындауға шақырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру