ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты Әйел-қыздар секторының облыстық жиыны өтті.
«Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде өткен жиын барысында облыстағы сектор жетекшісі Л.Сыдықова 2019 жылда атқарылған игі шараларды саралаған соң, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойы аясында атқарылуы тиіс бірқатар жұмыстарға тоқталып, жаңа 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті.
Жиын соңында Л.Сыдықова өткен жылдың қорытындысына сәйкес, діни-сауат ашу, үгіт-насихат, қайырымдылық және жат ағымның алдын алу бағыттары бойынша қала және аудан мешіттерінде қызмет атқаратын әйел ұстаздарды алғыс хаттармен марапаттады.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
21.01.2020
2819
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру