Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қари ұстазға ұмра жолдамасы берілді

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 21.01.2020 3862 0 пікір
Қари ұстазға ұмра жолдамасы берілді

ҚМДБ-ның Шымкент орталық мешіті мен «Тауаф» қажылық компаниясының Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің «Ұмраға жолдама» атты акциясы жалғасын тауып жатыр.

Былтыр Шымкент орталық мешітінің бастамасымен Діни сауат ашу курсы жұмысы бойынша ең көп шәкірт оқытқан үздік ұстазға ұмра қажылығының жолдамасы берілетіні туралы байқау жарияланған еді.

Салтанатты шарада қаланың бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев құттықтау сөз сөйлеп, асыл дінімізде ұстаздық етудің қадір-қасиеті туралы насихат айтты.

Сондай-ақ, еткен еңбекті ескеріп, ынталандыру  мақсатында, өзге ұстаздарға үлгі ретінде мешіт жамағаты алдында Шымкент қалалық орталық «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» мешітінің ұстазы Мейірбек қари Сәрсенбаевқа ұмра жолдамасын табыстады.

Айта кету керек, байқау нәтижесі бойынша бір жылда «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» мешітінде 980 шәкірт тәлім алды. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру