Екібастұз қалалық мешітінің ұстазы Зәуре Шамшидинқызы мешіттің сауат ашу курсында оқып жүрген әйел-қыздар шәкірттерінің қатысуымен «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында іс-шара өткізді.
Жиында еріктілердің 3 тобы құрылды. Олар – «Жақсылық» (жетекшісі – Салтанат Шуақбаева, «Мейірім» (жетекшісі – Үміт Рыспекова) және «Бірлік» (жетекшісі – Майра Бахтиярова) топтары. Жиын барысында жаңадан құрылған еріктілер топтарының қызметі, мақсат-міндеті, жұмыс барысы жайлы түсіндіру жұмысы жүргізілді. Еріктілер тобының 42 мүшесі бар. Әрбір топ 14 шәкірттен құралған. Еріктілер қазірден бастап іске кірісті. Олар мұқтаж жандарға азық-түлік жеткізіп, медресе мен мешітке тазалық жұмыстарын жүргізе бастады.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
21.01.2020
3329
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру