Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылдық «Сүйінғара Үргенішбайұлы» мешітінде облыстық құран жарысы өтті.
Жарыстың ашылу салтанатында Маңғыстау облыстық орталық мешітінің бас имамы Әнуар Ізімбайұлы құран оқудың артықшылығы және құран жаттаудың сауабы турасында мағыналы уағыз айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Облыс бойынша 227 мешіт шәкірті қатысқан шарада «Бекет Ата» орталық мешітінің найб имамы А.Асқар, «ар-Рахман» мешітінің ұстазы М.Қайратұлы, Ақтау қалалық медресе ұстазы М.Абдуллаұлы, жас қари А.Садырбайұлы және Н.Серікұлы төрелік етті.
Әділқазы алқаларының шешімі бойынша Құран кәрімнің 29-30 парасын жатқа айтудан:
Бас жүлде – Саламат Сандыбаев (Умра қажылығы)
II орын – Нұрислам Сарбақ (200 000 теңге)
III орын – Дамир Жеңіс (100 000) иеленді.
Жарыстың екінші кезеңінде Құран кәрімнің 30 парасын жатқа айтудан:
I орын – Ерболат Ауданбаев (100 000)
II орын – Ғалымжан Сапарберді (80 000)
III орын – Рамазан Жамбыл (50 000) иеленді.
«Духа» сүресінен төмен жатқа айтудан:
I орын – Ерасыл Сайлаубек (50 000)
II орын – Сәдуақас Отугинисов (40 000)
III орын – Ибрахим Мұртаза Мұхаммед (30 000) иеленді.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облысы орталық мешітінің баспасөз қызметі
21.01.2020
3428
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру