Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тарбағатайда марафон өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 20.01.2020 2845 0 пікір
Тарбағатайда марафон өтті

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы «Жәнтекей ауылдық мешітінің» ұйымдастыруымен кіші марафон ұйымдастырылды. Спорттық шараға жастар белсенді қатысты.

Спорттық жарыс туралы: «Жастарды қолдау, оларға салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың бұқаралық спортқа қызығушылығын арттыру, жамағаттардың бірлігін бекемдеу біздің бұл сайыстарды өткізудегі негізгі мақсатымыз» деп атап өтті, шараны ұйымдастырушылар.

Жарыс аса қызықты болып, ауыл халқы тамашалады. Табиғат аясында аппақ қарлы далада өткен марафон жастардың шымырлығын шыңдаған шара болды.

Марафонға қатысқан спортшыларға мешіт атынан сыйлық берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру