ҚМДБ Семей аймағы бойынша «Әйел – қыздар секторының» ұйымдастыруымен Тыныбай қалалық мешітінде сирадан және Хәкім Абайдың қара сөздерін айтудан шәкірттер арасында жарыс өтті.
Сайысқа он сегіз шәкірттен құралған үш топ қатысып, сайыс төрт бөлімнен тұрды; сира бойынша сұрақ – жауап, белгілі бір тақырыпта хадис айту және айтылған хадисті мақал мен Абайдың қара сөзімен ұштастырып мағынасын ашу болды. Шәкірттер қойылған сұрақтарға жан жақты жауап беруімен сайыс өте қызықты әрі тартысты өтті. Қазылар алқасының шешімімен «Азиз жандар» тобы жеңіске жетіп, барлық қатысушыларға Тыныбай мешітінің атынан сыйлықтар табысталды. Келген қонақтар көп пайдалы ақпарат, жақсы әсер алып, өз алғыстарын білдірді.
«Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ, Мүмін болсаң, үйреніп, сен де ұқсап бақ» деп Абай атамыз жырлағандай, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ұқсау – әр мұсылманның тырысып бағатын амалдарының бірі. Пайғамбарымыздың өнегелі ғұмырын таныту ниетімен Семей қаласы мешіттерінде сира сабақтары жүреді. Сонымен қатар Абай атамыздың 175 жылдық мерей тойына орай Абайдың қара сөздерінен дәрістер өтіп жатыр.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі
20.01.2020
3109
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру