Павлодар облысы бойынша «Әйел қыздар секторының» жетекшісі Қалдыгүл Әбілдаева Аққулы ауданы, Бесқарағай ауылының мешітінде әйелдер жамағатына «Намаз – адамның абыройы және шүкіршілігі» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.
Оған ауылда тұратын біршама әйел, қыздар қатысты.
Қалдыгүл ұстаз уағызында:
– Дінімізде балиғат жасына толған,ақыл есі дұрыс, мұсылман адамға намаз оқу парыз екендігін, Алла Тағала Құранда «Расында намаз (адамды) арсыздықтан және жамандықтан (яғни,күнә саналатын жағымсыз қылықтардан тыяды» («Анкәбут» сүресі,45 аят), - деп айтылғанын уағыздай келе намаздың басқа да көптеген қыры мен сыры, хикметіне тоқталды.
Сонымен қатар намаз оқитын отбасында береке-бірлік, татулық, молшылық, мейірімділік ұялайтынын, Жаратушыға арналған құлшылықтың төресі – намаз екендігін түсіндірді.
Соңында әйел-қыздар жамағаты көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жауап алып, ризашылықтарын білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
mazhab.kz
20.01.2020
3115
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру