Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен: Бас имам оқушылармен кездесті (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 20.01.2020 2765 0 пікір
Өскемен: Бас имам оқушылармен кездесті (ФОТО)

ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Мұқатай Өскемен қаласындағы №48 орта мектебінің оқушы, ұстаздарымен кездесті. Кездесуде бас имам сыбайлас жемқорлыққа қарсы исламнан тәлім-тәрбиелік маңызы зор, тағылымды ғибрат айтты.

Кездесуде бас имам білімнің де маңызына тоқталып:

«Құранда білім алудың маңыздылы жайлы өте көп айтылады. Ислам діні білімді насихаттайды. Білім алу, игерген ғылымын еліміздің дамуына арнау – аса сауапты және абыройлы іс. Еліміздің нұрлы болашағы жастарымыздың игерген сапалы біліміне тікелей байланысты. Сондықтан ғылым игеруге талаптану керек» деп атап өтіп, нақты мысалдар келтірді.

 Сонымен қатар Ермек Қасболатұлы «Жеті рухани қазық» тұғырнамсы туралы таныстырып, тұғырнамада көрсетілген ұстанымдарды кең көлемде баяндады. Оқушылар бас имамның тағылымды насихатын ұйып тыңдады. Арасында сұрақтарын қойып, нақты жауабын алды. Мектеп басшылығы тәлімдік жүздесу үшін өкілдікке алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру