Өткен жұмада Алматы қаласының бас имамы Еркінбек қари Шоқай Наурызбай ауданы Әбу Бәкір мешіті жамағатымен жүздескен еді.
Бас имам Жұма уағызында ысырапшылдықтың зардабы мен үнемшілдіктің пайдасына тоқталды.
Шариғатымыз әрбір мұсылман өмірі мен уақытын дұрыс өткізуге, денсаулығын сақтауға және мал-мүлкі мен қаражатын тиімді істерге жұмсауға, тіпті құлшылықтың өзінде орта жолды ұстануды бұйырғанын айтты. Сондай-ақ, Алла Тағала ысырапты сүймейтінін, ысырап етушілер – шайтанға туыс екенін Құран аятынан мысал келтіріп, баяндап берді.
Қоғам мен адам өмірінде орын алып жатқан бірқатар ысырапшылдықтарды тілге тиек етіп, оның алдын алу жолдарын да атап өтті.
Сонымен қатар ысырапшылдық туралы Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) хадистерін айтып, жиналған жамағатты үнемшілдік пен шүкіршілікке шақырды.
Содан жұма намазы оқылып, марқұмдарға Құран бағышталды. Жамағат ел-жұртымыз бен мұсылман қауымына қол жайып дұға жасады.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы қаласы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
azan.kz
20.01.2020
3081
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру