Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас имам жамағатпен кездесті

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 17.01.2020 3139 0 пікір
Бас имам жамағатпен кездесті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы күрделі жөндеуден өткен тарихи мешіттің тынысымен танысып, жамағатпен кездесті.

Қалалық «Айтбай» мешітінде өткен кездесуде Бас имам жамағатты құттықтай келе, мешітке байланған жүрек, білім алу тақырыптарында уағыз айтып, игі істің басы-қасында жүрген жанашыр азаматтар мен демеушілерге алғыс жеткізді.

Айта кетейік, «Айтбай» мешіті өткен жылдың аяғында күрделі жөндеуден өткен болатын. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай жамағаттарға тарту ретінде ұсынылды. Жанашыр азаматтардың демеушілігімен қаламыздағы бір ғасырлық тарихы бар көне мешіттің жайнамаздары ауыстырылып, едені жылу жүйесіне қосылды және өзге де жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру