Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Қыз-келіншектерге арналған рухани сұхбат

Түркістан облыстық мешітінің баспасөз қызметі 17.01.2020 3236 0 пікір
Түркістан: Қыз-келіншектерге арналған рухани сұхбат

Түркістан облыстық мешітінің ұйымдастыруымен "Әйел әдемі – әдебімен" жобасы басталды. Оның аясында екі күнде Қазығұрт, Келес, Шардара, Жетісай ауданының үлкен-кіші ханымдарымен рухани сұхбат жүргізілді. Ұстаздармен жүздесуге жүздеген әйелдер келді.

Бала тәрбиесі, ата-ана, ағайын-туыспен байланыс, ері мен ата-енесімен мәміле және т.б 10 тақырып бойынша насихат айтылды. Жалпы қыз-келіншектерге арналған мұндай рухани сұхбат ай сайын аудандық орталық мешіттерде тұрақты өткізу жоспары бекітілді. Ұстаздарға әдістемесі берілді. Бұқараны ұлттық тәрбие "Жеті рухани қазық" тұғырнамасына жұмылдыру мақсатында облыс имамының тапсырмасымен ұстаздар тобы құрылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру