Елордадағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті Республикалық қан орталығымен бірлесіп донор акциясын өткізді.
Бүгінде донор тапшылығы көптеген науқастарды қиындыққа ұшыратады. Қасиетті Құран Кәрімнің «Мәйда» сүресінде науқас жанға қол ұшын созып, көмектесудің сауабы «Кім оны тірілтсе (өлімнен құтқарса), барлық адамды тірілткенмен тең» түсіндіріледі. Қоғамның мұқтаждығын ескерген мешіт ұжымы осы бір сауапты шараға үнемі атсалысып келеді.
Алдын-ала жасалған насихат жұмыстарының нәтижесінде, мешітке келген Қан орталығы мамандарына өтініш білдірген қайырымды жандардың қатары аз болған жоқ. Мешіт ұжымы өздері бастап қайырымдылық шарасына белсене кірісті.
Салауатты өмір салтын ұстануды назарда ұстаған акция аясында 60-қа жуық мешіт жамағаты мен қала тұрғындары қан тапсырып, қайыры мол іске атсалысты.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
https://sunna.kz/
17.01.2020
2860
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру