Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сансызбай Құрбанұлы Ислам институтында дәріс оқыды

ҚМДБ баспасөз қызметі https://www.muftyat.kz/ 17.01.2020 3374 0 пікір
Сансызбай Құрбанұлы Ислам институтында дәріс оқыды

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі, Ғұламалар кеңесінің мүшесі Сансызбай Құрбанұлы Алматыдағы ҚМДБ жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтына ат басын бұрды.

Институтының директоры Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы: «Қаңтар-наурыз, 2020» оқу легіне еліміздің жан-жағынан 53 дін қызметкері қабылданды, оның 8-і Ресей Федерациясынан және Моңғолия елінен келді. Білімін жетілдіруге келген барлық дін қызметкерлері  сараптамадан өтіп, білім деңгейлері анықталып, барғдарлама бойынша білім алуда. Ислам иснтитутының оқу бағдарламасына сай имамдар мен ҚМДБ әкімшілігі, ғалымдары арасында  түрлі форматтағы кездесулер, сұхбаттар ұйымдастырып отырамыз. Осы топтың оқу бағдарламасына арнайы енгізілген тақырыптардың бірі – шариғи үкім, пәтуа беру мәселелерін жетік түсіну мақсатында  ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі, ҚМДБ ғұламалары кеңесінің және РАНТ мүшесі – Сансызбай Құрбанұлын шақырдық. Бұл сала  күнделікті халықтың сұранысына жауап беруді қамтиды» деп сөз бастады.

Кездесудің негізгі тақырыбы қазіргі қоғамда белең алған отбасы мәселелері болды. ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі, Ғұламалар кеңесінің мүшесі Сансызбай Құрбанұлы: «Ислам дінінде отбасын құрудың өзі – ғибадат. Оның өзіндік түрлері болады, олар: парыз, сүннет, мәкрух және харам. Отбасын асырай алатын кісінің ауыр күнәдан аулақ болуы үшін үйленуі парыз болса, денсаулығы да, материалдық жағдайы да бар адамға ауыр күнә жасау қаупі болмаса да үйлену – сүннет. Ал денсаулығы бар, бірақ дүниесі жоқ кісіге – мәкруһ болса, денсаулығы жоқ кісіге  харам болады» деп, некелесуді физиологиялық және материалдық тұрғыдан қарастырып, оның сипаттарына жеке-жеке тоқталып, қарапайым өмірде кездесетін мысалдармен бекітті.

Жиын соңында білімін жетілдіруші имамдар көкейде жүрген өзге де сұрақтарын қойып, естелік суретке түсті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру