Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: «Алтын ине» шеберлік сағаты өтті

muftyat.kz 16.01.2020 3567 0 пікір
Маңғыстау: «Алтын ине» шеберлік сағаты өтті

Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен біте-қайнасып кеткен, ғасырлардан бері келе жатқан қолөнер шеберлігін кейінгі ұрпаққа аманаттау – міндетіміз. Осы мақсатта Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданындағы Басқұдық ауылдық «Төлей ишан» мешітінің ұстазы Әйкерім Назарбаеваның ұйымдастыруымен «Алтын ине» атты бір күндік шеберлік сағатты өтті.

Еңбек барысында өзінің тоғыз жылдық еңбек өтілімен киіп-пішіп және тігіп үйрету қыр-сырын түсіндірген әрі көптің алғысын алып жүрген тігінші Жадыра Төлегенова қыз-келіншектерді еңбекке баулу және іскерлік пен икемділік қабілеттерін ояту мақсатында шеберлік сағатын жүргізіп, тәжірибесімен бөлісті.

«Қолөнер әйел баласын ең алдымен зеректік пен ептілікке тәрбиелейді. Жұмыс барысында қыз-келіншектер өздеріне арналған түрлі сәнді орамалдар мен қыз-балаларға ұзын белдемшелерді пішіп, тігіп үйренді» - дейді ұйымдастырушылар.

Шеберлік сағатының соңында жиналған қыз-келіншектер он саусағынан өнер тамған тігіншінің қолынан сертификаттарға ие болды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру