Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Отбасым – пейіш мекенім» атты рухани кеш өтті (Фото)

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 13.01.2020 2936 0 пікір
«Отбасым – пейіш мекенім» атты рухани кеш өтті (Фото)

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет Ата» мешітінің жастар ісі бойынша жауапты өкілі Жаңабай Оразовтың ұйымдастыруымен Бейнеу аудандық «Абыл» мәдениет үйінде «Отбасым – пейіш мекенім» атты рухани кеш өтті.

Тағылым түйер кеш Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында алғаш рет Бейнеу ауданында аталып өтті.

Рухани кештің шымылдығын Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы мен Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары Бекзат Басшыұлы ашып берді. Сонымен қатар ақын, журналист Айнахан Ығылманқызы орамды ойларымен бөлісті.

«Қызылтөбе ауылдық мәдениет үйі» өнерпаздарының ғибратты ән-жырлары кештің әрін кіргізіп, жиналған қауымды қуанышты көңілге бөледі. «Ақжол жастар» жастар қанаты әртістерінің ғибратты оқиғаларға толы қойылымы көрермен көңіліне ой салып, ерекше әсерге бөледі.

«Шараның басты мақсаты – жастардың діни көзқарасын дәстүрлі дініміздің талаптарымен, әдет-ғұрпымыздың құндылықтарымен, ұлттық болмысымызбен ұштастырып, иманды, зиялы, зайырлы, қоғам құруға үлес қосу» дейді ұйымдастырушылар.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру