Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамдар форумы Бейнеуде жалғасты (Фото)

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 13.01.2020 2898 0 пікір
Имамдар форумы Бейнеуде жалғасты (Фото)

Жақында Нұр-Сұлтан қаласында бастау алған «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты III Республикалық имамдар форумының жалғасы Маңғыстау облысы, Бейнеу аудандық «Абыл» мәдениет үйінде өтті.

Форумға Бейнеу ауданының әкімі Әбілов Бейнеубек Көңілімқосұлы, Маңғыстау облысының имамдары, Бейнеу ауданына қарасты ауыл округтерінің әкімдері және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қибасов Сақи арнайы шақырылып, сүбелі баяндамалар жасады.

Қасиетті Құран аяттарымен басталған форум жұмысына Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Елжанов модераторлық етіп, ҚМДБ төрағасы, Бас Мүфти Серікбай қажы Ораз Хазреттің форумға арналған жолдауын оқып берді.

ІІІ Республикалық имамдар форумында қабылданған Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы «Жеті рухани қазық» құжатындағы асыл қасиеттер айтылып, ұрпақ тәрбиесі мен ұлт болашағына тигізер ізгі үлесі жайында кеңінен қозғалды. Сондай-ақ діни рәсімдерді атқарып жүрген молдалардың сауатын көтеру мәселесі де көтерілді.

Форум қонақтарына «Діни рәсімдер тізілімі», «Діни лауазымдар тізілімі» тұғырнамасын және «Мұнара» газеттерін таратумен қатар, 2019 жылы облыс аумағында өткен іс-шаралар турасында толықтай мәлімет берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру