Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Бас имам Бейнеу ауданы жамағатымен жүздесті (Фото)

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 10.01.2020 4570 0 пікір
Маңғыстау: Бас имам Бейнеу ауданы жамағатымен жүздесті (Фото)

Осы аптада Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Елжанов іссапармен Бейнеу ауданына барды.

Дүйсенбі күні басталған іссапарында бас имам ең алдымен Ескі Бейнеудегі Бекет Ата тарихи мешітіне зиярат етсе, одан кейін ауданға қарасты ауыл мешіттеріне арнайы барып, «Боранқұл ауылдық мешіті», «Сарға ауылдық мешіті», «Төлеп ауылдық мешіті», «Есет ауылдық мешіті», «Тұрыш ауылдық Иман Мәлік мешіті», «Ақжігіт ауылдық мешіті» және «Сыңғырлау ауылдық Шалқыбай Ата мешіті» жұмыстарымен танысып, мешіт жамағатымен кездесті. Сондай-ақ, Бейнеу селосынан 40 км оңтүстік бағытта Манашы сайының бойында орналасқан «Көркембай мешітін» және Тұрыш селосынан 13 км оңтүстік бағытта орналасқан «Барақ Сатыбалдыұлы кесенесін» зиярат етті.

Сондай-ақ бүгін Ә.Ізімбайұлы аудан әкімі Бейнеубек Көңілімқосұлының қабылдауында болып, кейін аудандық мешіт жамағатымен жұма намазын өткізді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру