Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: «Ғашура ана» мешіті футбол жарысын өткізді

10.01.2020 3072 0 пікір
Қостанай: «Ғашура ана» мешіті футбол жарысын өткізді

Балалардың қысқы демалысы кезінде Қостанай облысы Қарабалық аудандық «Ғашура ана» мешітінің ұйымдастыруымен шағын футболдан мектепаралық жарыс болып өтті.

Шараға аудандағы төрт мектептен командалар қатысып, бақтарын сынады. Жарыс қорытындысына келсек, І орынды № 3 орта мектептің оқушылары жеңіп алса, ІІ орын №2 мектептің аяқдопшыларына бұйырды. Ал жүлделі ІІІ орынды №1 мектеп командасы еншіледі.

Жүлдегерлерді «Ғашура ана» мешітінің найб имамы Толыбай Сембиев құттықтап әрі марапаттап, оларға сыйлықтар табыс етті.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру