Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы «Төлей ишан» мешітінде мектеп демалысына байланысты «Берекелі демалыс» тақырыбында оқушыларға арналған игі шара өтті.
Мақсаты – балаларды жастайынан ізгілік пен ізеттілікке тәрбиелеу, мейірімді, қайырымды, имандылыққа баулу. Аз ғана демалыс кезіндегі балалардың алған ілімін қорытындылау.
Шара барысында балалар топ-топқа бөлініп, өздерінің діни ілімдерін сынға салды. Дін мен дәстүрге қатысты тапсырмаларды орындап, өзара сыйлықтармен марапатталды.
–Балалар топ болып тапсырма орындау арқылы ынтымақтастық пен ауызбіршілікті ұғынды деген сенімдеміз. Олар мерекелік шарадан кейін қонаққа келген кейіпкерлермен спорттық жаттығулар орындап, бос уақыттарын пайдалы өткізді. Алла тағала қасиетті Құранның «Ниса» сүресінің 63-аятында: «...Оларға үгіт бер де, әсерлі сөз сөйле», – деп бұйырған. Бүлдіршіндерімізге осындай діни іс-шаралар ұйымдастырып, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға септігімізді тигізсек, олардан жарқын болашақ күтуге болады деген сөз, - дейді ұйымдастырушылар.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Айкерім Шарханқызы
10.01.2020
2949
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру