Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұр-Мүбарак университетінде интеллектуалды сайыс өтті

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі nmu.kz 10.01.2020 3344 0 пікір
Нұр-Мүбарак университетінде интеллектуалды сайыс өтті

Нұр-Мүбарак университетінде өткен «Smart Student» интеллектуалдық сайысында Ақтөбе, Бақанас, Талғар, Шымкент қалаларындағы дайындық курстарда  оқитын шәкірттер тобы өзара бақ сынады.

Барлығы 5 команда қатысып, «Таныстыру», «Сүрені тап», «Суреттер бойынша мәтін құрастыру» атты 3 бөлім бойынша додаға түсті.

«Smart Student» интеллектуалдық сайысының мақсаты – университетке түсетін талапкерлердің білімін жетілдіру, ілім мен ғылымды жан-жақты талдау, білік дағдыларын анықтау, шапшаң ойлау, танымдық қабілеттерін арттыру, өздерін еркін ұстай білуге үйрету. Себебі ішкі ой, жоғары инттелект әр мұсылманға қажетті қасиеттер дейді университет басшылары.  

Ұйымдастырушылардың айтуынша, әр сүреге сұрақ қою арқылы қоғамдағы кез келген оқиғаға жауап  таба аласыз. Егер де біз сұрақ қойып, ойланбасақ, осыған орай жауап болмауы мүмкін. Сайыстың бірінші бөлімінде қатысушы сүрені жан-жақты түсіндіре білуі ескерілді. Яғни оқыған сүре арқылы қоғамды көре алу маңыздылығына тоқталды.

Ал екінші бөлімінде  шариғи салт-дәстүр негізінде мақал-мәтелдер мен сұрақ-жауаптар қамтылды. Одан өзге үшінші бөлімде суреттегі бейнелер арқылы ойыңызды жеткізу сарапталды. Нақтылай айтқанда, оқиға аятпен, хадиспен, мақал-мәтелдермен жеткізілді.

Зейін мен ақыл сайысына Исламтану кафедрасының меңгерушісі PhD Нұрлан Анарбаев, Араб және ағылшын тілдер кафедрасының меңгерушісі PhD Бағдат Манабаев, сондай-ақ исламтанушы-докторант Бауыржан Шайзан, Оқу істер және тіркеу бөлімінің меңгерушісі Мұратхан Махмет қазылық жасады.

Тартысты сайыс нәтижесінде І орынды Ақтөбе қаласындағы Дайындық курсы,  ІІ орынды Шымкент қаласындағы Дайындық курсы, ІІІ орын Талғар қаласындағы ұлдар дайындық курсы, IV Бақанас елді-мекеніндегі дайындық курсы, V орынды Талғар дайындық курсынан келген қыздар командасы иеленді.

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры  РһD, доцент Қайрат Құрманбаев  «Сайысқа қатысқан  әр үміткер –  жеңімпаз» деген ойын жеткізіп, бәйге жүйріктеріне университет ұжымы атынан алғыс жариялады. Барлық қатысушыға сертификат беріліп, сый-сыяпат көрсетілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру