Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Ембіде 2 отбасыға көмір жеткізілді

nurgasyr.kz 09.01.2020 3258 0 пікір
Ақтөбе: Ембіде 2 отбасыға көмір жеткізілді

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Ембі қаласындағы «Нұр» мешітінен жыл басынан жағымды хабарлар келіп жатыр. Күні кеше мешіттің бас имамы Нұрсұлтан Тұрсынқұлов жамағатқа діни сабақтар өткізу тұрақты түрде қолға алынғанын хабарлаған болатын. Бұған ембілік тұрғындар сөзсіз қуанды.

Ал бүгін Нұрсұлтан Қалдыбайұлы тағы бір жақсы жаңалығымен бөлісіп, «Нұр» мешіті жылдағыдай, биылғы қайырымдылық акцияларын қайта қолға алып жатыр екен.

Нақтырақ айтар болсақ, мешіт ұжымы жамағатпен бірлесе отырып, Ембі қаласындағы екі отбасыға бір тоннадай көмір түсіріп берді. Бұл қазіргідей қыраулы маусымда ауыл тұрғындарының қыстан қысылмай шығуына әжептәуір септігін тигізетіні әрі дер кезінде жасалған көмек екендігі даусыз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру