ҚМДБ құрылғанына 30 жыл толуына орай Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы «Маралды ауылдық мешіті» жастар арасында хоккейден сайыс ұйымдастырды. Оған аудан бойынша 4 команда қатысып, өзара тартысты ойын көрсетті. Бәсекені ауыл халқы келіп тамашалады.
«Қысқы спорт түрлерінен сайыс өткізудегі мақсатымыз жастарды спортқа баулу, исламдағы денсаулық қағидасын насихаттау, жастардың ынтымақ-бірлігін арттыруға бағытталып отыр. Ауылымызда спортшы жастар көп. Біз мешіт тарапынан оларға әркез қолдау көрсетіп келеміз» дейді ауыл имамы Д.Бақытбек.
Жеңімпаз командаға «Маралды ауылдық мешітінің» атынан қаржылай сыйлықпен марапатталды.
Сондай-ақ Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында оқушылардың қысқы демалысына орайластырып, коньки жарысы өтті.
Іс-шараны Ақжар ауылдық «Байжігіт баба» мешіті ұйымдастырды. Конькимен сырғанау сайысына оқушылар көптеп қатысып, көрермендерді қызыққа бөледі. Сайыста конькимен айдын бетінде тамаша сырғанап, басқалардан мәреге бұрын жеткен жеңімпаздарға «Байжігіт баба» мешіті атынан арнаулы сыйлықтар ұсынылды.
«Оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, қысқы спорт түрлерін дамытуға үлес қосу бағытында осы іс-шараны өткізіп отырмыз» дейді «Байжігіт баба» мешітінің бас имамы Аманкелді Жарасов.
Ауыл халқы осындай игі шара өткізген ауылдық мешітке алғыстарын білдірді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
09.01.2020
3515
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру