ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бас имамы Ермек Қасболатұлы Шығыс Қазақстан облыстық «ALTAI» арнасында тікелей эфирде сұхбат берді. Бас имам «Жеті рухани қазық» рухани тұғырнамасын тарқата баяндап, тұғырнаманы насихаттаудың маңызына тоқталып өтті.
Бас имам сұхбатта өңірдегі діни ахуалға тоқталып, былтыр өңірде атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Одан бөлек, «Халифа Алай» мешітінде ТМД бойынша ең озық саналатын «Ислам мәдениеті мұражайының» ашылуы, жастар жылына орай барлық облыстардан 80-нен астам жас қатысқан республикалық «Жас толқын: дала семинарының» шығыста ұйымдастырылуы және ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіреттің «Ұлы дала төсіндегі Ислам» кітабы бойынша «Рухани орындарға сапар» жобасына өңірден 15 оқушы қатысып, Арыстан баб, Түркістан, Айша бибі кесенелеріне сапар жасауы және «Ел үлесі – пәтерге» жобасы арқылы өңірде 2 баспананың берілуі секілді игі істер туралы айтты.
Ермек Қасболатұлы кей ауылдардағы діни мамандардың жетіспеушілігін шешу мақсатында жасалатын шаралар және діни рәсімдерді бірізділікке түсіру туралы да бастамаларын жеткізді. Сонымен қатар бас имам өңір тұрғындарынан түскен сұрақтарға жауап берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
09.01.2020
2907
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру