Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Қарилар орталығына қайырымдылық жасады

07.01.2020 3010 0 пікір
Павлодар: Қарилар орталығына қайырымдылық жасады

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мешіті Павлодардағы Қарилар даярлау орталығына азық-түлік жеткізіп, қайырымдылық көмек жасады.

Шарбақты аудандық мешітінің бас имамы Ақжол Исабекұлы: «Қарилар даярлау орталығының шәкірттері бұл жерде Алланың кәләмін (сөзін) жаттап, Ислам дініне аянбай қызмет етеді деген ниеттеміз. Бұл медреседе оқу тегін, жайлы орын, пайдалы білім алуға мүмкіндік бар. Түркиядан келген хафыз ұстаз сабақ береді, Құран жаттатады.

Бүгінгі қайрымдылық шарамыздың жасалуына "Мәшһүр Жүсіп" мешітінде сабақ берген шәкірттерімнің ата-аналары да үлес қосты. Сонымен қатар Шарбақты ауданы "Қызыр" мешіті жамағаттары, жақсылыққа жәрдем беріп, барымен бөлісті. Баршаңызға Алла разы болсын!  Әрқашан жақсылыққа жаны құмар ағайын барда дініміз өркендеп өсе береді деген ниеттеміз» деді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру