ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мешіті тай жарысын өткізді.
Бәйге десе делебесі қозатын қазақ баласы бұл жарыстан шет қалған жоқ. Жарысқа атбегілер аудан көлеміндегі бәйгелерге қатысып жүрген өз жүйріктерін үкілеп қосты. Бұл жолы оншақты жүйрік тай бәйгеге қосылды. Бір сәтте дала төсі шабандоздардың қиқуы мен тұлпарлардың дүбіріне толып кетті.
Шашасына шаң жұқпай, оза шауып мәреге алдымен жеткен жүйріктерге Көкпекті ауданының бас имамы Дүйсен Нұрнәсір қаржылай сыйлық табыс етті.
«Біз ұлттық ат спортын қолдау, салауатты өмір салтын насихаттап, жастардың ұлттық спортқа деген қызығушылығын ояту мақсатында осы бәйгені ұйымдастырып отырмыз» деп атап өтті Дүйсен Нұрнәсір.
Шараны тамашалауға жиналған көрермендер бәйгенің қызықты өткенін айтып, аламанды ұйымдастырған аудан мешітіне алғыс білдірді.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
06.01.2020
3375
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру