Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Қайғы жұтқан отбасыға қаржы аударды

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 06.01.2020 3138 0 пікір
Қостанай: Қайғы жұтқан отбасыға қаржы аударды

Қостанай облысы Жангелдин ауданының орталығында тұратын Саят Нысағалидың қайғылы жағдайы баршамыздың қабырғамызды қайыстырды.

Өрт салдарынан анасы, жұбайы және екі баласы бақилық болды. Бала-шағасын өрттен құтқарамын деп жүргенде денесін от шалып күйіп қалған еді. Сөйтіп ұзамай өзі де дүние салды.

Бұл жағдайды естіген қалың жұртшылық бей-жай қарай алмады. Облысымыздағы барлық аудан және қала мешіттерінің ұжымдары қайырымдылық мақсатта 1 миллионнан астам қаржат жинап беріп, әр намазда осы аотбасыға дұға-тілек бағыштады.

Жиналған қаражатты Жангелдин ауданының бас имамы Рүстем Әмірханов өрттен зардап шеккен шаңырақтың туған-туыстарына тапсырды. Сөйтіп, дін қызметкерлері де болған апатқа немкетті қарай алмайтынын, жоғары адамгершілік қасиетін көрсетті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру