Сәт сайын жаңалық пен өзгеріске толы кезеңде жоғары оқу орындарының оқытушылары үшін үнемі ізденіс үстінде жүріп, жаңашыл жастар алдында оқ бойы озық тұруы маңызды. Сондықтан Нұр-Мүбарак университетінің басшылығы биыл екінші рет оқытушы-профессорлар өкілдеріне арнап арнайы дәріс өткізуде.
Әлеуметтану ғылымының кандидаты Гүлнара Исмуханованың коучинг тәсілдемесі және конструктивті кері байланыс пен саналы дамудағы коучинг құралдары жайлы авторлық тренингінен оқытушылар интерактивті білім беру тәсілдерімен танысты.
Сондай-ақ шәкірттердің білімге құштарлығын арттыру, таптаурындарды еңсеру жолында оқуды әдетке айналдыру, білім беру саласындағы біліктілік сатысы, ОПҚ негізділігі т.б. білім беру саласындағы тәсілдемелер алға тартылды.
«Оқытушылар – студенттерге білім беріп қана қоймай, білімге деген құштарлығын арттырып, бүкіл қоғамға ықпал етуге құзіреті бар мамандар. Сондықтан олардың білім беру тәсілін жетілдіріп, біліктілігін арттырып отыру біз үшін өте маңызды» дейді университет проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
06.01.2020
3118
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру