Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен: Жастар суда жүзіп жарысты

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 06.01.2020 3125 0 пікір
Өскемен: Жастар суда жүзіп жарысты

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен жастар арасында суға жүзуден жарыс өтті. Іс-шара Өскемен орталық бассейнінде ұйымдастырылды.

Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау, мешіт жамағатының бірлігін арттыру, жастарды ынтымаққа баулу сайыстың басты мақсаты болды.

Жарысқа Өскемен қаласындағы мешіттердің жамағаты мен Шығыс Қазақстан гуманитарлық-педагогикалық колледжінің Исламтану бөлімі студенттерінен құралған төрт команда қатысып, нағыз жарыс үлгісін көрсетті. Сайыс тартысты да қызықты болып, тамашалаушылар қарасы көбейді.

Сайыс қорытындысы бойынша «Халифа Алтай» мешіті командасы бас жүлдеге ие болды. Жеңімпаздар мен қатысушыларға өкілдік тарапынан сыйлықтар табыс етілді. Өкілдіктің атынан суда жүзу жарысын өткізуге қолдау білдірген Өскемен орталық бассейні басшылығына алғыс айтылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру