«Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде өткен сайыста облыстық мешіттің наиб имамы А.Жұбанов және сектор жетекшісі Л.Сыдықова алғысөз сөйлеп, жарысқа қатысушы шәкірттерге сәттілік тіледі.
Аудан және қала мешіттерінен келген 59 үміткер бірінші аталымда «Иншиқақ»-«Нас» сүрелері аралығын жатқа оқу, екінші аталымда «Дұха»-«Нас» сүрелері аралығын жатқа оқу, ал үшінші аталымда «Иншиқақ-Нас» сүрелері аралығын мәнерлеп оқу бойынша бақ сынады.
Әділқазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлдеге Б.Нұрмаханова лайық деп танылса, бірінші аталым бойынша М.Шамшаева, С.Әби, екінші аталым бойынша Ж.Елубаева, А.Мәжит, үшінші аталым бойынша А.Әйтеке, А.Ысқақовалар жеңіске жетті. Жүлделі орын иелері арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жүлделі орын алмаса да жарысқа белсене атсалысқан барлық шәкірттерге алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
06.01.2020
3197
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру