Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық «Байжігіт баба» мешіті жамағат арасында «Жеті рухани қазық – жақсылық жолы» атты шығармашылық байқау өткізді.
Байқауға ауыл жастары белсенді қатысты. Олар «Жеті рухани қазық» тұғырнамасындағы құндылықтарды шығармасына арқау ете отырып, тереңнен талдап, тарқатып берді. Шығармаларды сараптаған қазылар алқасы лайықты шығармаларға жүлде тағайындады.
«Аталған рухани тұғырнамадағы ізгі қасиеттер халықтың көңілінен шығып, бүгінгі қоғамның өзекті құндылықтары деп бағаланып отыр. Біз осы тұғырнаманы мешіт жамағаты арқылы жаңа форматта насихаттап отырмыз» деді «Байжігіт баба» мешітінің бас имамы Аманкелді Жарасов.
Ол жүлдегерлерге мешіт атынан ақшалай сыйлық тағайындап, марапаттады. Айта кетейік, өңірдегі рухани тұғырнаманы насихаттау шарасы әлі жалғасады.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
31.12.2019
2924
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру