Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Жұртшылықпен жүздесті

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 31.12.2019 3595 0 пікір
Қостанай: Жұртшылықпен жүздесті

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде рухани кеш өтті. Жиынға зиялы қауым өкілдері мен зейнеткерлер, Қостанай мемлекеттік университеті, сондай-ақ Қостанай гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты.

Кеш басында қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің бас имамы Шоқан Әмірханов барша жұртшылыққа шынайы алғысын білдірді. Ақын, жазушы, драматург, филология ғылымдардың кандидаты Ақылбек Шаяхмет көпшілікке тілегін арнап, өлең оқыды.      

Шарада Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің наиб имамдары Мейрамбек Жетесов пен Бақберсін Ізбасаров уағыз-насихат айтып, жиналғандарды дән риза етті. Кеш соңында наиб имам Нұрлан Сейдағалиев терең білім көрсеткен жамағатқа «Тәпсір тұнығы» кітабын сыйға тартты.

                                                            

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру