Ақтөбе медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәлі Дәуренбеков Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Оқу-білім саласында 20 жылдан астам еңбек өтілі бар Әбдімүтәлі Қайназарұлына бұл марапат Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін берілді.
Әбдімүтәлі Дәуренбеков он жыл уақыт ҚМДБ-ның оқу-ағарту бөлімінде абыройлы қызмет атқарған. Бүгінде Ақтөбе медресе-колледжінің директоры ретінде өңірдегі дін саласының жас кадрларын даярлау ісіне сүбелі үлесін қосып, адал қызмет атқарып келеді. Он жыл уақыт аралығында бұл оқу орнын 142 шәкірт тәмамдады. Облыста 110 имам болса, солардың 40 пайызы – осы медресенің түлектері.
Айта кетейік, Әбдімүтәлі Дәуренбеков жақында өңірдегі жергілікті діни кадрлар даярлау ісіне қосқан еңбегі үшін Бас мүфтидің атынан алғыс хатпен де марапатталған болатын.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
30.12.2019
3542
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру