Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылының «Байжігіт баба» мешіті Ертіс өзені бойында балық аулау сайысын өткізді.
«Мешіт жамағатының өзара бірлігін арттыру, мешіт қызметкерлері мен халық арасындағы байланысты тереңдете түсу мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырып келеміз. Балық аулау сайысы да сондай салауатты өмір салтын қалыптасыруға бағытталып отыр» деген «Байжігіт баба» мешітінің бас имамы Аманкелді Жарасов қысқы балық аулау шарасының маңызына тоқталды.
Сайысқа мешіт қызметкерлері, ауыл имамдары және мешіттер жамағаты қатысты. Нәтижесінде ең көп балық аулаған қатысушылар марапатталып, түрлі сыйлыққа ие болды.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
30.12.2019
3525
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру