Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің қызметкерлер құрамы білікті мамандармен толығып жатыр. Орталық мешіт қызметіне тағы бір ұстаз тағайындалды.
Семей аймағы бойынша бас имам Асқар Әбітайұлы жаңадан келген Рашид Мейимбекұлын жамағат алдында қызметке тағайындап, халыққа таныстырды.
Рашид Мейимбекұлы 1993 жылдың тумасы. 2009-2010 жылдары Мысырдағы «Нил» араб тілін үйрету орталығында 12-курстық арнайы араб тілі даярлау курсын бітірген. 2010-2012 жылдары әл-Азһар университетіндегі Сәнауи институтынан Жалпы ислам мәдениет ілімдері мамандығын алған. 2012-2013 жылдары әл-Азһар университетінің Шариғат және заң факультетінің Заң бөлімінде («Ханафи» мазһабы) мамандығы бойынша 1-курсын, ал 2013-2019 жылдары әл-Азһар» университетінің Дін негіздері факультетінің Құран ілімі және тәфсірі» мамандығы бойынша жоғары білім алған. Отбасын құрған.
Өкілдік тарапы Рашид Мейимбекұлына асыл дініміздің жолында аянбай қызмет етіп, сауапты һәм жауапты мамандықта нәтижелі жұмыс, ырыс-береке тіледі.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі
30.12.2019
3050
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру