Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақжайық жамағаты дұға бағыштады

Батыс Қазақстан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 30.12.2019 2939 0 пікір
Ақжайық жамағаты дұға бағыштады

Алматы маңында болған қайғылы оқиға барша қазақстандықтың қабырғасын қайыстырды.

Жұма намазында Ақжайық жұрты облыстық «Орал» орталық мешітінде  жамағатпен бірге Алматы маңында ұшақ апатынан қаза тапқан бауырлар үшін арнайы дұға жасады.

«Өмірің босқа кетпесін» тақырыбында жұма уағызын өткізген Батыс Қазақстан облысының бас имамы Мұратбек қажы Қыстаубаев марқұм болғандарға Алладан кешірім тілеп, апаттан аман қалғандар үшін дұға жасады.

«Мұсылманның өзге мұсылманның алдында міндеттері бар. Соның бірі – мұсылман бауыры үшін дұға жасау, жақсылық тілеу. Апаттан аман қалғандар үшін шипа сұрау, ал марқұм болғандарға Алладан мейірім, кешірім тілеу – мұсылманның міндеті. Біз де қасиетті жұма күні апаттан жарақат алған барша бауырларымызға шипа сұраймыз, марқұм болғандардың артында қалған отбасыларға қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз» деді Мұратбек қажы Қыстаубаев. 

Алматы маңындағы ұшақ апатына байланысты 28 желтоқсан елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Қазақ елін Алла Тағала жақсылықпен қуантуды бұйырсын!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру