Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Ел сенген жастар» кездесуі өтті

Жастар ісі секторының баспасөз қызметі 30.12.2019 3262 0 пікір
«Ел сенген жастар» кездесуі өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жастар ісі секторы мен Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігіне қарасты «Рухани жастар» тобының ұйымдастыруымен «Ел сенген жастар» ұраны аясында Нұр-Сұлтан қаласы жастарының алғашқы кездесуі өтті.

Кездесудің мақсаты — жастарға дұрыс бағыт-бағдар көрсету. Жүздесуде қазіргі қоғамда жастар арасындағы әртүрлі түйіткілді мәселелердің шешімін табуға үлес қосу; өзін дамытуға деген ынта-жігерін ояту; қоғамда белсенді болуға үндеу; еліне адал қызмет ететін жастар қатарынан болуға атсалысу; еңбекқорлыққа, ұлтжандылыққа, әдептілікке баулу; ҚМДБ жариялаған «Жеті рухани қазық» тұғырнамасына үн қосу секілді тақырыптар төңірегінде әңгіме қозғалды.

Қазіргі қоғамдағы жастар бейнесі қандай? Жастар арасындағы басты проблемалар қандай? Оның шешу жолдары бар ма? Жастар қоғамға береді? Кездесу барысында осындай сауалдарға жауап іздеп, осы сұрақтар аясында көптеген маңызды пікірлер айтылды.

Кездесуге қоғамның әртүрлі санатынан жастар қатысты. Оның ішінде студенттер, кәсіпкерлер, жұмыскерлер және тағы басқа сала мамандары болды. Алдағы уақытта мұндай кездесулер әлі де жалғасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру