Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша бірқатар облыс тұрғындарына баспана кілтін табыстады.
Жыл соңында үйлі болғандар арасынада дін қызметкерлері де бар. Атап айтқанда, Қостанай қалалық Жайлаубай ата мешітінің наиб имамы Дархан Исламбекұлы баспаналы болды.
«Отбасым бұл қуанышты көптен күткен еді. 2019 жыл біздің есімізде осылайша жақсылығымен есте қалатын болды» дейді Дархан Исламбекұлы.
Елдің ыстық ықыласына бөленген дін қызметкері Қостанайдағы Юбилейный шағынауданынан 3 бөлмелі жаңа пәтердің кілтін алып, қоныс тойын тойлады. Жас та болса терең білімі және іскерлігінің арқасында әріптестері арасында құрметке бөленген Дархан Исламбекұлын жаңа баспанасымен құттықтаймыз!

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
29.12.2019
3255
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру