Шымкент қаласына қарасты Қайнар-бұлақ ауылының «Насруллаһ» мешіті жанындағы діни сауат ашу курсының шәкірті Құдайберген Байкенжеұлы қасиетті Құран Кәрімді толық жаттап, қари атанды.
Осыған орай арнайы шара ұйымдастырылып, «Ақмешіт» қайырымдылық мекемесінің директоры, наиб имам Мұхамеджан Естеміров жас қари атанған Құдайберген Байкенжеұлына және оның ұстазы әрі «Насруллаһ» мешітінің имамы Талғат Юсуповқа қаланың бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаевтың алғыс хатын табыс етті.
Айта кетейік, қала бойынша мешіт жанындағы дін сауат ашу курсында оқып жүрген 130-дан астам жас шәкірт қарилық ілімге бет бұрды. Бұйырса, олар да қари дәрежесіне жетеді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі
29.12.2019
3550
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру