Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Ұшақ апатынан опат болғандарға дұға жасалды

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 28.12.2019 3417 0 пікір
Ақтөбе: Ұшақ апатынан опат болғандарға дұға жасалды

Алматы маңында болған қайғылы оқиға барша қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырды.

Жұма намазында Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті бастаған өңірдегі барлық мешітте жамағатпен бірге Алматы маңында ұшақ апатынан қаза тапқан бауырлар үшін арнайы дұға жасалды.

«Өмірің босқа кетпесін» тақырыбында жұма уағызын өткізген Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби қазы Оспан марқұм болғандарға Алладан кешірім тілеп, апаттан аман қалғандар үшін дұға жасады.

«Мұсылманның өзге мұсылманның алдында міндеттері бар. Соның бірі – мұсылман бауыры үшін дұға жасау, жақсылық тілеу. Апаттан аман қалғандар үшін шипа сұрау, ал марқұм болғандарға Алладан мейірім, кешірім тілеу – мұсылманның міндеті. Біз де ұшақ апатында қаза тапқан марқұмдардың отбасыларына қайғырып, көңіл айтамыз. Жарақаттанған азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз» деді Төлеби Дәділұлы. 

Күллі отандастарымызды тіксіндірген Алматы маңындағы ұшақ апатына байланысты 2019 жылдың 28 желтоқсаны елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру