Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Жанаман ахунның мұралары музей қорына тапсырылды

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 28.12.2019 3692 0 пікір
Ақтөбе: Жанаман ахунның мұралары музей қорына тапсырылды

Ақтөбе  облысы Шалқар аудандық орталық «Матай Қоқанұлы» мешітінің бас имамы Бақыт Тойшыбаев Ақтөбе өңіріне есімі кеңінен танымал, Шалқар өңірінің діни ахуалына үлкен ықпал еткен Жанаман ахунның Жанаман ахун Сейітімұлының көзі тірісінде пайдаланған көне жәдігерлерін аудандық тарихи-өлкетану музейіне табыс етті.

Жәдігерлер арасында ахунның қолының табы сақталған, оқыған Құраны, шапаны мен жейдесі бар. Тарихи-өлкетану музейі жанынан құрылған арнайы комиссия отырысында басқа да дүниелер  қабылданды. Атап айтқанда, Жанаман ахун Сейітімұлының бүгінгі ұрпақтары жөнінде жазылған деректі кітап та музей қорына берілді. Ауданның бас имамы Жанаман ахунның құнды мұраларын жалпы жұртшылыққа таныстыра отырып, оны ұрпақтары болашаққа аманаттап отырғанын тілге тиек етті.

Өз кезегінде музей басшылығы 12 мыңыншы экспонат ретінде тізімге алынған «Ахун ата» жәдігерлерін көздің қарашығындай сақтап, сыйға тартқан Бақыт Абдиисламұлы, Аманғали Әминұлы, Сайлан Шәкиұлы сынды елжанды азаматтарға шалқарлықтар атынан шексіз алғыс айтты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алдағы 30 жылдығы қарсаңында Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Қазақстандағы Ислам дінінің кешегісі мен бүгінін баяндайтын көне қолжазбалар көрмесін ұйымдастыруды тапсырған болатын. Бұл игі шара осы тапсырма аясында іске асты. Айта кетейік, 1992 жылы Шалқар қаласында ең алғашқы болып ашылған мешітке белгілі діни тұлға Жанаман ахун Сейітімұлы аты берілген болатын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру