Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұр-Сұлтан: Ұшақ апатынан опат болғандарға дұға жасалды

https://ummet.kz/ 27.12.2019 3040 0 пікір
Нұр-Сұлтан: Ұшақ апатынан опат болғандарға дұға жасалды

Жұма намазынан кейін «Нұр Астана» мешітінде таңда ұшақ апатынан опат болған бауырлар үшін арнайы дұға жасалды.

Бүгін болған қайғылы оқиға барша қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырды. Таңда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған «Бек Эйр» әуе компаниясының №Z2100 рейсі ұшу кезінде апатқа ұшырады. Ұшақ бетон қоршауды сындырып, қос қабатты құрылысқа барып соғылған. Ашық деректерде ұшақ бортында болған 95 жолаушының 15-і қаза тапқаны жарияланды.

Ойламаған жерден көптеген отбасының шаңырағын шайқалтып, біршама кісінің жанын жалмаған апатқа байланысты ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың тапсырмасымен «Нұр Астана» мешітінде жұма намазынан кейін жамағатпен бірге дұға жасалды. «Өмірің босқа кетпесін» тақырыбында жұма уағызын өткізген ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі жетекшісінің орынбасары Хасан Аманқұлов пен «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазанов апаттан аман қалғандар үшін шипа сұрап, ал марқұм болғандарға Алладан мейірім мен кешірім тіледі.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру