Семей қалалық Шәкәрім мешітінде қала және аудан мешіт имамдарының жылдық есеп беру жиыны өтті. Жиынға барлық мешіттің бас имам, наиб имамдары қатысты.
Жиынды Семей аймағы бойынша бас имам Асқар Мұқанов ашып беріп, жүргізіп отырды. Жүздесудегі мақсат – дін насихатын күшейте түсу, имамдардың біліктілігін арттыру, тәжірибесін шыңдау, діни қызметтің жауапкершілігін сезіндіру, кеткен кемшілік пен олқылықтарды болашақта барынша болдырмау. Шарада әр ауданның бас имамына кезекпен сөз берілді. Олар өз ауданына қарасты мешіттердің жыл бойы атқарған шаралары, жасаған қайырымдылығы, оқу-ағарту жұмыстары жөнінде баяндама оқыды.
Жиын барысында қала, ауданның бас имамдары жаңа нұсқа бойынша уағыз-насихат, пәтуа беру, қайырымдылық, халал стандарттау, деструктивті ағымның ықпалындағы азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу, ақпараттық насихат, мешіт істері, діни білім және кадр даярлау секілді бағыттар бойынша есеп берді. Сонымен қатар, Семей өңірінде өтетін айтулы іс-шара келер жылы Абай Құнанбайұлың 175 жылдығы, басқа да қайырымдылық акциялардың жоспары талқыланды.
Жиынды қортындылаған бас имам жыл бойы атқарылған шараларға оң баға беріп, аудан, қала имамдарына 2019 жылы жасалған істердің одан әрі жетілдірілетін тұстарын атап, нақты тапсырмалар берді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі
26.12.2019
4618
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру