Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Күршімде аудан имамдары бас қосты

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 26.12.2019 2950 0 пікір
Күршімде аудан имамдары бас қосты

Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен Өскемен өңірі аудан имамдарының басын қосқан алқалы жиын өтті.

Жиналысқа төрағалық жасаған Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бірінші наиб имамы Дәулет Қабидолин биылғы ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттардың насихаты жайлы айтты. 

«Форумда қабылданған құжаттардың бірі «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасы. Бұл құжатта Исламдағы басты құндылық болып саналатын имандылық, отаншылдық, білімділік, ауызбіршілік, еңбекқорлық, мәдениеттілік және әділдік секілді негізі қасиеттер қамтылған. Осы құжаттар кең көлемде насихатталып жатыр» деді.

Бұдан бөлек Дәулет Қабидолин аудан имамдарына ҚМДБ-ның 30 жылдығына байланысты «30 игі шара» жобасында көрсетілген міндеттерді толықтай жүзеге асыруды тапсырды. Сонымен қатар осы мерейлі мерекеге орай өңірде рухани шаралар ұйымдастыру туралы да айтып өтті.

Басқосуда имамдар мешіт қызметкерлерінің әлеуметтік мәселесін жақсартуға байланысты өз ұсынысын білдірді. Жиын соңында имамдарға бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру