Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтау: Бар мейірім – балаларға

Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің баспасөз қызметі 26.12.2019 2762 0 пікір
Ақтау: Бар мейірім – балаларға

Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің бас имамы Зиядолла Еміл облыс орталығындағы №3 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болып, тәрбиеленушілерді мерекемен құттықтады.

Ақтаудың бас имамы балғындарға ең ізгі тілегін арнап, мерекелік тарту сыйлады. «Орталықтағы балаларға аз да болса жылулық дарытсақ деген ниетпен келдік. Бұл біздің – балаларға шат көңіл-күй сыйлап, сүйіспеншілік, махаббатты арттыру үшін жасаған амалымыз. Дін қызметкерінің міндеті мешітте намаз оқу ғана емес, қоғамға пайдасы тиер игі істерді жасау» деп атап өтті Зиядолла Еміл.

Айта кетейік, Ақтаудағы №3 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында түрлі дертке шалдыққан 1,5-18 жас аралығындағы 120 бала ем алып жатыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру