Осы жылдың қыркүйегінен бастап Алматы Орталық мешітінің діни сауат ашу курсына қатысқан әйел шәкірттер бір тоқсанда алған білімі бойынша емтихан тапсырды. Емтиханда жақсы нәтиже көрсеткен шәкірттерге білім сертификаттары табысталды.
Марапаттау рәсіміне арнайы шақырылған Алматы Орталық мешітінің наиб имамы, Жастар ісі секторының жауапты маманы Ермек Көкірекбаев білім қуған шәкірттерге дініміздегі білім алудың орны мен Құран оқып-үйренудің шарапаты туралы уағыз айтты.
Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен қыз-келіншектер мен аналарымыздың білімді болып, Құранды еркін оқып, түсіне алуы келешек ұрпақтың тәрбиелі, иманды, көреген болып өсуіне үлкен септігін тигізетінін атап өтті.
Алматы Орталық мешітінің ұстазы, Әйел-қыздар секторының жауапты маманы Айнұр Игілікова білім алған шәкірттерге алғыс білдіріп, олардың білім сапарына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, дініміздегі білім алушылардың артықшылығы туралы айтты.
Соңында мешіт ұстаздары сынақтан сүрінбей өтіп, жақсы нәтиже көрсеткен 27 шәкіртке білім сертификатын табыстады. Ал Құран оқып-үйренген 40 шәкіртке мақтау қағазы мен Құран Кәрім кітабы тарту етілді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
https://azan.kz/
25.12.2019
3203
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру