Мұсылмандар әрбір амал-әрекетін Рахманның разылығы үшін атқарғаны абзал. Ол үшін ниетті түзесе болғаны, Алла Тағала реттейді. Әсіресе, парыз амалдар мен зекет пен садақа, қайырымдылық, жақсылықтың бір Алланың разылығы үшін берілуі міндетті. Олай болмаса, сауапты болуы екіталай.
Бұл турасында «Бақара» сүресінің 272-аятында Алла Тағала: «(Ей, Мұхаммед!) Оларды тура жолға салуға сен жауапты емессің. Алла қалаған пендесін өзі тура жолға салады. Қайыр – садақа ретінде не берсеңдер де өздерің үшін (жақсы болады). Не берсеңдер де, тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолында не жұмсасаңдар да, соның бәрі өздеріңе толық қайтарылады және сендер әділетсіздіккке ұшырамайсыңдар (яғни, сауаптарыңды толық аласыңдар)», – дейді.
Жуырда көпшілік көмегімен бой көтерген "Береке" мешітінде қайырымдылық шарасы өтті. Алланың үйін салудан артылған ақшаға жергілікті жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік пен көмір таратылды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
https://yassi.kz/
25.12.2019
2863
1 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (1)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру
Бейімбет | 25.12.2019 11:11
Қандай облыс, аудан?