Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жолда қалған жолаушыларға мешіт қамқорлық жасады

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі 25.12.2019 2679 0 пікір
Жолда қалған жолаушыларға мешіт қамқорлық жасады

Қылышын сүйретіп қыс келіп, ауа-райы күрт өзгерген Жамбыл облысында қарлы жел көпшіліктің мазасын алды. Дәл осындай күннің ызғарлы сәтінде Жамбыл ауданына келіп тоқтаған, жолда қалған жолаушылар қамқорлыққа алынды. 

Сапарлатып келе жатқан талай кісі "Айша бибі" мешіті мен ауыл мектебін паналады. Мешітте аялдаған жолаушыларға мешіт қызметкерлері ыстық шай мен тіске басар таратып, аудан имамы Ғарифолла Әмірбековтың өзі келіп, тілдесіп, жолаушылардың жанында болды. 

Жол жабық болып, көлікті аударып түсер желді күні жол ортасында қалғандар мұндай жылулық пен қамқорлыққа разы болып, шынайы алғысын жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру