Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Бас имам – Ескелді ауданында

http://taglym.kz/ 24.12.2019 3339 0 пікір
Талдықорған: Бас имам – Ескелді ауданында

Талдықорған өңірінің бас имамы Ардақ Нүсіпханұлы Ескелді ауданының орталығы Қарабұлақ кентінің жамағатымен жүздесті.

Бас имам алдымен Қарабұлақ орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, «Ел болашағы – дені сау, білімді, иманды жастар» тақырыбында сөз қозғады. Бұдан кейін аудандық мешіт ұйымдастырған «Қайырымдылық – қайырлы іс» шарасына қатысып, кенттің мұқтаж отбасылармен кездесіп, азық-түлік үлестірді.

Сондай-ақ орталық мешітте бала тәрбиесі жайлы уағыз-насихат айтып, жамағатты ауызбіршілікке, татулыққа, балаға тәрбие беруде Исламға сай дәріптеуге шақырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру