Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Әлеуметтік жағдайларына байланысты мешіттен жәрдем сұрап, өтініш білдірген мұқтаж жандарға, жағдайы төмен отбасыларға, көпбалалы аналарға көмек беру мақсатында қайырымдылық пакеттері үлестірілді.
«Зекет» қорының өкілі Әлішер Сыдықтың айтуынша, қайырымдылық шарасында 15 отбасыға берілген азық-түлік пакетімен, жалпы алғанда 60 келі ет, 30 келі макарон, 30 келі ұн, 15 литр сұйық май, 15 келі қант таратылды.
Өз кезегінде қысқа жіп күрмеуге келмейтін қиын сәтте азық-түлік пакетін алған олар жомарт жандарға шынайы алғыс айтып, шексіз ризашылық білдірді.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
24.12.2019
2857
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру